Николай Жұмағалиев 24 жыл бұрын Ақтөбеде бір қызды өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николай Жұмағалиев 24 жыл бұрын Ақтөбеде бір қызды өлтірген Николай Жұмағалиев. ©molomo.ru

Ақтөбеде полиция студент қыздың өліміне қатысты мән-жайларды 24 жылдан соң анықтады, - деп хабарлайды "Актобе Таймс". Жас қызды белгілі каннибал Николай Жұмағалиев өлтірген болып шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде полиция студент қыздың өліміне қатысты мән-жайларды 24 жылдан соң анықтады, - деп хабарлайды "Актобе Таймс". Жас қызды белгілі каннибал Николай Жұмағалиев өлтірген болып шықты.

Тергеушілердің мәліметінше, студентті өлтіріп, мертіктірген әрі етінің біразын жеген адам басқа емес, "Железный клык" ("Темір азу") деген атпен танымал Жұмағалиевтің өзі. Полиция қылмыстық істі тергеуді жандандырды. Айта кету керек, атақты қанішер бірнеше жылдан бері Алматы облысындағы "Ақтас" психиатриялық мекемесінде емделіп жатыр.

Маньяктың палатасына онымен бірге шұғыл іздестіруші қызметкерлердің бірі қылмыскер кейпінде жатқызылған. Сол кезде адамжегіш адам өзінің Ақтөбеде жасаған қылмысы туралы айтып берді. Ол өз құрбанын бір жеке үйдің терезесінен аңдыған. Қыз киім ауыстырып жатқан кезде қылмыскер үйге кіріп келіп, оны бауыздап салады, денені бұтарлап, бір бөлігін өзімен бірге алып кетеді. Марқұмның денесіндегі жарақаттардың сипатына қарап, күдік бірден Жұмағалиевке түскен. 

Сөйтіп, әйгілі маньяк құрбандарының қатары он адамға жетті. Полицияның мәліметінше, Жұмағалиев өз құрбандарын 1979-1991 жылдары өлтірген. Ол Қазақстанда ғана емес, Ресейде де ойын іске асырды. Арнайы емдеу мекемесіне түскен уақыттан бері Жұмағалиев бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды, сонымен бірге, билік өкілдеріне хат жазып, өзіне өлім жазасын қолдануды сұрады. Оны психиатриялық клиникадан шығару мәселесі әлі ашық күйінде қалып отыр - кейбір дәрігерлер оның бүгінде қоғамға қауіп төндірмейтінін айтады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети