Норвегияда Конгсбергте садақ пен жебе ұстаған ер адамның шабуылынан 50 мен 70 жас аралығындағы төрт әйел мен бір ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Норвегияда Конгсбергте садақ пен жебе ұстаған ер адамның шабуылынан 50 мен 70 жас аралығындағы төрт әйел мен бір ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бес адам қайтыс болды: төрт әйел мен бір ер адам. Ресми түрде қайтыс болғандар әлі анықталмады, бірақ туыстарына оқиға туралы хабарлануы мүмкін. Зардап шеккендердің барлығы 50 мен 70 жас аралығында», - деді полиция өкілі Оле Бредруп Северуд баспасөз конференциясында.
Ұсталған 37 жастағы азаматтан түнде жауап алынды. Полицияның мәліметінше, ол қылмысын мойындаған, бірақ әрекетінің себептерін түсіндірмеді.
Еске салайық, қайғылы оқиға 13 қазанда кешке болған. Полиция Конгсберг орталығында садақ атқан, екі адамды жаралап, бес адамды өлтірген адамды ұстады. Полиция теракт болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Күдіктінің жалғыз әрекет еткені анықталды. Ұсталған адам Конгсбергте тұратын 37 жастағы даниялық екен, оған айып тағылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!