31 қаңтар 2022 | 18:49

Nur-Avto Kz ісі: полицейлер компания орынбасарын ұстады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Nur-AvtoKz ЖШС директорының орынбасарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Nur-AvtoKz ЖШС директорының орынбасарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап полицияға елорданың 280-ге жуық тұрғыны Nur-AvtoKz компаниясының басшылығы олардың ақшасы мен көлігін алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтінішпен жүгінген.

"Компания автокөліктерді сатамыз деген сылтаумен азаматтармен арада 45 жұмыс күні ішінде нарықтағыдан төмен бағамен көлік беру туралы келісімшарт жасаған. Клиенттерге келтірілген материалдық шығын 3 миллиард теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан полициясы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деп айыпталған 35 жастағы ЖШС директоры 2021 жылдың қазанынан бастап тергеу органдарынан жасырынып жүрді. Оған іздеу жарияланды. Елордалық полицейлер айыпталушыны ұстады. Ол Ақтау уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция қызметкерлері.

Ұсталған адамға қатысты тергеу сотының шешімімен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети