Нұр-Сұлтан көпіріндегі жол апаты. Күдікті қамауға алынды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан көпіріндегі жол апаты. Күдікті қамауға алынды

ІІМ 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан көпірінде болған жол-көлік оқиғасы бойынша күдікті ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан көпірінде болған жол-көлік оқиғасы бойынша күдікті ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында көпірде болған апат куәгерлерінің айтуынша, апатқа қатысушылар жарыс ұйымдастырған. Бұл расталған ақпарат емес. "Сергек" бейнебақылау камераларынан видеолар қашан жарияланады? Түнгі жарысқа қандай автокөліктер қатысты және машиналар кімге тиесілі", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Анықтау басқармасы ҚК-нің екі бабы - 345-бабының 4-бөлігі "Жүргізушінің абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ-ні бұзуы", сондай-ақ ҚК-нің 347-бабының 1-бөлігі "ЖКО орнын қалдыру" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Осы қылмыстық іс бойынша 19 жастағы қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталды, ол тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге, яғни 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қамауға алынды", - деп жауап берді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Тілшілердің көше камераларынан видеоны жариялау туралы өтінішіне жауап ретінде видеолар іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін және жариялауға болмайтынын түсіндірді.

Ресми нұсқа бойынша, 30 қыркүйекте түн ортасында Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, рөлді дұрыс басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Нәтижесінде, Ravon Nexıa автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапқан болатын.

Аман қалған жалғыз адамға шұғыл түрде ота жасалған. 13 қазанда оның ауруханадан шығарылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети