Нұр-Сұлтан полицейлері бір топ адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полицейлері бір топ адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан полицейлері бір топ адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полицейлері бір топ адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 27 сәуірде болған. Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының өкілдері сағат 14.20-да бір топ адамның өзін ерсі ұстағанын байқаған.

"Оларға жақындаған кезде іздеу жарияланған адамдар анықталған. Ұсталған ер адам мен әйел адам мас болған, олар полицейлерге қарсылық көрсеткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

36 жастағы ер адам ұрлық жасады деген күдікке ілінген, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ер адам қазіргі уақытта қамауға алынды. 39 жастағы әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Ал әйел адам оқшауланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети