15 сәуір 2019 | 14:45

Нұр-Сұлтан полицейлері ұрыларды қылмыс үстінде ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ұрыларды қылмыс үстінде ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ұрыларды қылмыс үстінде ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"12 сәуірде елордалық полицейлер автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. Қаскүнемдер автокөліктерді дабылдатқыштарын сканерлеу арқылы ашқан. Ұсталғандар автокөліктерден бірнеше ұрлық жасағандарын мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада. 

Олардың елорда аумағында бұрын осы секілді қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Осы тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік,19) немесе 8 (7172) 71-61-07; 71-60-28, "102" телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", - дейді полиция өкілдері. 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне қойылған автокөліктердің салонында бағалы заттарыңызды қалдырмауды ұсынады. Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбанына айналмас үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау қажет: атап айтқанда кілттеріңізді, бағалы заттарыңызды (сөмке және барсетка, ноутбук, ұялы телефондар) көлік салонында қалдырмаңыздар.

Автокөліктен шыққан кезде бар болса дабылдатқышты және басқа да күзет құралдарын қосқан жөн. Автокөліктен шыққан кезде есігі және терезесі дұрыс жабылғанын тексеріп, түнгі уақытта автокөлікті тек қана күзетілетін тұрақтарда немесе гаражда қалдырыңыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети