Нұр-Сұлтанда 19 рет айыппұл салынған жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 19 рет айыппұл салынған жүргізуші ұсталды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда 490 мың теңге сомасына 19 айыппұл салынған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 490 мың теңге сомасына 19 айыппұл салынған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тексеру шарасы барысында ВАЗ маркалы ресейлік нөмір тағылған көлікті тоқтатқан. Кейін оған 490 мың теңге көлемінде 19 айыппұл салынғаны ақталды.

"30 жастағы жүргізушіде көліктің міндетті сақтандыру құжаты болмағаны анықталды. Ер адамға қатысты әкімшілік іс тіркелді. Сондай-ақ, әкімшілік заңбұзушылықтар бойынша берешектер туралы 19 хабарлама жазылды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Қазіргі уақытта көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 351 жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети