Нұр-Сұлтанда аса ауыр қылмысқа күдікті ұсталды: істің мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда аса ауыр қылмысқа күдікті ұсталды: істің мән-жайы айтылды © elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда арнайы жоспар құрылып, қаладан шығатын жолдарға бекеттер орнатылып, аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстауға қатысты істің егжей-тегжейі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда арнайы жоспар құрылып, қаладан шығатын жолдарға бекеттер орнатылып, аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстауға қатысты істің егжей-тегжейі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, қаладағы пәтерлердің бірінде екі адам өлтірілген.

"16 қыркүйекте сағат 10.00-де "102" арнасына пәтерден 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізді. Марқұм әйелмен бұрын бірге тұрған 34 жастағы ер адам күдікке ілінді.

Жұптар арасында жанжал туындап, күдікті оны пышақтап тастағаны анықталды. Әйелді қорғап, жанжалға араласқан 68 жастағы үй иесі де жарақат алған. Кейін ол қылмыс орнынан ізін суытқан.

Факт бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда аса ауыр қылмысқа күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети