Нұр-Сұлтан полицейлері әйелге шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алған қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан полицейлері әйелге шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алған қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, күдікті қоғамдық көлікте 62 жастағы әйелдің мойнындағы алтын алқаны байқаған. Әйел автобустан түскенде ер адам оның соңынан еріп, бірге үйдің кіреберісіне кіреді. Жәбірленуші баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда, оған шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алады. Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қарақшы сол күні ломбардқа құны 300 мың теңге тұратын әшекейді 140 мың теңгеге өткізіп жіберген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты.
"Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. Заттай айғақ ломбардтан тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!