Нұр-Сұлтанда балаарба ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда балаарба ұрлаған ер адам ұсталды Фото: depositphotos.com

Елордада 4 рет балаарба ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада 4 рет балаарба ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында ұрлық және қарақшылық қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған 36 жастағы елордалықты ұстады. Оның 4 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Тергеу барысында ер адам 4 күн бойы үйлердің кіреберісіне еніп, қараусыз қалған балалар арбасын ұрлағаны белгілі болды. Ол ұрланған заттарды "Евразия" сауда үйі ауданында танымайтын адамдарға арзан бағаға сатып отырған", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Ұрланған балаарбалар тәркіленген.

Полиция қызметкерлері бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети