Нұр-Сұлтанда банкомат маңындағы тонау әрекеті камераға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда компания қызметкері тоналған сәт видеоға түсіп қалған. Есіл ауданының полиция басқармасына ЖШС менеджері хабарласып, Мәңгілік ел көшесінде белгісіз жігіттер оған шабуыл жасағанын хабарлады. Олар үш миллион теңгені қолды қылған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда компания қызметкері тоналған сәт видеоға түсіп қалған. Есіл ауданының полиция басқармасына ЖШС менеджері хабарласып, Мәңгілік ел көшесінде белгісіз жігіттер оған шабуыл жасағанын хабарлады. Олар үш миллион теңгені қолды қылған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ол сағат 20.00 шамасында ЖШС бухгалтерімен бірге банкоматтан 10,9 миллион теңге қолма-қол ақша шығарған. Кейін ғимараттан шығып, көлікке бара жатқан жолда белгісіз төрт азамат менеджерге шабуыл жасап, ақша салынған пакетті тартып алуға тырысады. Төбелес  барысында шабуылдаушылар бұрыш баллонын қолданып, одан үш миллион теңгеніп тартып алған. 

Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер жеті күдіктіні ұстады. Жас аралығы 18-ден 23 жасқа дейін. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 192-бабы, 4-бөлігіне ("Қарақшылық") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың барлығы ПД тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктілер ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген, қалған 700 мың теңге соманы полиция тәркіледі. Қылмыстық істі тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда шағын несие беру ұйымның кассасына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. 9 ақпанда медициналық бетперде таққан қарақшылар ұйымның кеңсесіне кіріп, кассирге бензин шашып, өртеп жіберемін деп қорқытқан. Олар 120 мың теңгені қолды қылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети