Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін көшеде сабаған ер адам ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті өкілі бұрынғы әйелін ұрған 25 жастағы ер адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті өкілі бұрынғы әйелін ұрған 25 жастағы ер адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Полицияға елорда тұрғыны бұрынғы күйеуі ұрып-соққанын айтты. Полицейлер тәртіп бұзған адамды ұстап, Есіл ауданы Полиция басқармасының уақытша ұстау камерасына қамады. 25 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Полиция соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайтынын атап өтті.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін көшеде сабаған ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети