Нұр-Сұлтанның аудандық сотында бұрынғы энергетика вице-министрлерінің ісі бойынша басты сот процесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанның аудандық сотында бұрынғы энергетика вице-министрлерінің ісі бойынша басты сот процесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот алдында бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Садыбеков пен Бақытжан Жақсалиев жауап берді. Тағы алты адам іс бойынша тергеліп жатыр. Сот ашық түрде өтіп жатыр, онда үш мемлекеттік айыптаушы қатысады. Оның екеуін бүгін қайта шақыртқан.
"Прокурор Күпербаев пен Махметовті қайта шақыртамын. Бұл адамдар істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тиісінше бақыламады деп есептеймін. Адвокаттардың барлық өтініші қабылданбай, содан кейін тергеу соты мақұлдады. Осыған байланысты мен оларды шақырту туралы өтініш беремін", - дейді айыпталушылардың бірінің қорғаушысы.
Оның өтінішін айыпталушылар мен олардың адвокаттары түгел қолдады. "Мен әріптесімнің бұл өтінішімен келісемін және толық қолдаймын. Сондай-ақ біз қылмыстық істі тоқтату, іс бойынша айғақтардың жарамайтынын мойындау туралы бірнеше өтініш жасағанбыз. Оны прокурорлар себепсіз қабылдаған жоқ", - деді бұрынғы вице-министр Жақсалиевтің адвокаты Нұғыманов.
Судья өтініш толық айтылған соң кеңес бөлмесіне кетіп, кейін шешімін оқыды. Ол адвокаттардың прокурорларды шақырту бойынша өтінішін қабылдаған жоқ.
Бұрынғы энергетика вице-министрлерінің ісі сотқа "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және талан-таражға салу" бабы бойынша тапсырылған.
2018 жылы наурызда Ғани Садыбеков мердігер ұйымның басшысымен келісімге келді деген күдікпен ұсталған. Іс материалында Щучинкск-Бурабай шипажай аймағындағы өзенді тазалауға бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырғаны жазылған.
2018 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Бақытжан Жақсалиевтің үйқамаққа алынғанын хабарлаған. Ол мердігер ұйымның мүддесі үшін қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған еді.