Павлодарлық колонияда жазасын өтеп жүрген ер адам ондаған бай әйелді миллиондаған теңгеге қалай алдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Павлодарлық колонияда жазасын өтеп жүрген ер адам ондаған бай әйелді миллиондаған теңгеге қалай алдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Ер адам беделді астаналық мекемеде бармен болып жұмыс істеген, ал құрбандарын чек бағасына қарап анықтаған. Ол өз есімін атамауды сұрады.
"Әйел чек сұраған кезде соған қарап-ақ ауқатты ма деген қорытынды жасауға болады. Бәрі қарапайым болды, мен қағазға телефон нөмірімді жаздым, даяшыдан осындай үстелге бер деп өтіндім, ал қағазға ол өзінің телефонын жазып: "маған вотсапта жаз" дейді.
Оның айтуынша, осы әдісті қолданған барлық қыздардың 80 пайыздан астамы мессенджерде 10-15 минуттан кейін жауап берген. Содан кейін кездесу, гүл, көңіл бөлу ... бірнеше күнге кенет жоғалып кету.
"Астананың байырғы тұрғыны емеспін. Пәтерден шығарып жіберді. Осындай кезде қыздар өз нұсқаларын ұсынады, жалға пәтер алып, өзіне шақырады", - деп түсіндірді ол.
Альфонстың айтуынша, ол тіпті қанша қыздың "ажырасқанын" есептемеген. Ол ең "сәтті" үш жағдай деп санайды. Сондай-ақ, ол тек құрбандарының есебінен өмір сүріп қоймай, үлкен көлемде зат та сатып алуға жұмсаған.
Алданған ондаған әйелдің ешқайсысы полицияға арыз бермеген. Жігіт есірткіге тәуелді болған, сол үшін қазір жазасын өтеп жатыр.
Психологтар әйелдердің осындай әрекетке баруы бала кезіндегі оқиғаға немесе сүйіспеншілік жетіспеуіне байланысты дейді. Сарапшылар альфонс екенін аңғару қиын, бірақ мүмкін екенін айтты.
"Бірінші кезекте: дұрыстап ойлану керек, ер адамның жабысқанына назар аудару керек. Егер ер адам ақша сұраса, қысқа мерзімде кездессе, дұрыс ойы жоқ деген сөз", - дейді мекеме психологы Ольга Мирзоева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!