Нұр-Сұлтанда ер адам қызды зорлағысы келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адам қызды зорлағысы келген Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда қызды зорлағысы келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда қызды зорлағысы келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазанда түнге қарай болған. Байқоңыр ауданында Ұлан жасағына әйел келіп, 1995 жылы туған қызын белгісіз ер адам зорлауға тырысқанын айтқан. Қыз қорыққаннан айғайлаған, ал ер адам үйлердің арасында аулада бой тасалаған.

"Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен полиция қызметкерлері 20 минут ішінде күдіктіні ұстады. Ол Ақмола облысының 1972 жылғы тумасы болып шықты", - деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметіндегілер.

Зардап шеккен қыз күдіктіні таныды және ол Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети