21 шілде 2021 | 13:52

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

20 шілдеде "102" пультіне кассирден белгісіз біреу тапаншамен қорқытып, ломбардты тонап кеткені туралы хабар түскен. Ер адам 200 мың теңге алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

"Жәбірленушінің сөзінше, сағат 12.00-де медициналық маска таққан ер адам терезеге жақындап, тапаншасын көрсеткен. Кейін целлофан пакет беріп, "тезірек ақша, алтын, не бар бәрін сал! Әйтпесе өлтіремін!" деп ақырын ғана айтқан. Осы сөздерден кейін қыз ақшаны монеталармен қоса жинап, пакетті қарақшының қолына берген", - дейді полицейлер.

Оқиға орнына жедел полиция жасағы барып, күдіктінің белгілері анықталды. Полиция жасақтары бағдар бойынша барлық ауданды тексеріп шықты. 

Осылайша жедел басқару орталығының операторлары бейнекамераларды қарап, күдіктіге ұқсас ер адамды байқады. Видеокадрлардан оның жылдам жүріп бара жатып, белгісіз затты лақтырып жібергенін көруге болады. Кейін өтіп бара жатқан тағы бір адам бұл затты алады, бірақ тапанша ойыншық болып шығады. 

Полицейлер қылмыскерді сауда үйінің тұрағында ұстады. Ол қала маңындағы ауылдың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети