Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы ауыл тұрғыны полицияға қоңырау шалып, жалдамалы адам өлтіруші екенін және қонақүйге граната алып кіргенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, оқиға орны тексеріліп, тыйым салынған заттар табылмаған.
"Қала маңындағы ауыл тұрғыны "102" арнасына қоңырау шалып, қонақүйде екенін, қолында граната барын және жалдамалы адам өлтіруші екенін айтты. (...) Жедел-іздестіру шаралары барысында граната туралы хабар берген адам анықталды. 40 жастағы ер адам мас күйде болған. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталып, полиция есебінде тұрғаны анықталды.
Ер адамның айтуынша, ол қонақүйде танысымен ішімдік ішкен. Қызды таңғалдырғысы келген тұрғын полицияға қоңырау шалып, граната туралы хабар берген", - деді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті өкілі.
Құқық қорғау органдары көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!