Нұр-Сұлтанда ер адам саябаққа жүгіруге шыққан 17 жастағы қызды тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адам кәмілетке толмаған қызды таңертең Триатлон-паркінде тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адам кәмілетке толмаған қызды таңертең Триатлон-паркінде тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық полиция баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 25 шілдеде болған. Таңертеңгі сағат 5.30 шамасында 17 жастағы қыз посттағы қызметкерге шағым түсірген. Ол жүгіру кезінде белгісіз адам оған шабуыл жасап, iPhone 8+ маркалы телефонын, сөмкесін ұрлап, қашып кеткенін айтқан.

"Күдіктінің басты белгілері анықталды. Бағдар бойынша барлық аудан полиция жасақтарымен қаралды. Қылмыскерді полиция қонақүйдің жанындағы тұрақта қашуға талпынғанына қарамастан ұстады. Ол Ақмола облысының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция департаментіндегілер.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети