Нұр-Сұлтанда ер адамды пышақтағандар видеоға түсіп қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адамды пышақтағандар видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда адам пышақтаған күдікті бақылау камерасының көмегімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда адам пышақтаған күдікті бақылау камерасының көмегімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"17 желтоқсанда таңертең Нұр-Сұлтан полиция департаменті жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камераларын қарап отырып, теміржол вокзалы ауданында болып жатқан ер адамдар арасындағы жанжалды байқады", - деп хабарлады департамент қызметкері. 

Оқиға болған жерге полиция жасағы жіберілген. Күдікті ұсталды. Полиция өкілдері оның 31 жастағы ер адамды бұзақылық себеппен пышақтағанын айтты. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Күдікті бұған дейін де сотталған болып шықты. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети