28 қыркүйек 2020 15:23

Нұр-Сұлтанда есінен айырылған ер адамды тонағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда есінен айырылған ер адамды тонағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда есінен айырылған ер адамды тонағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

57 жастағы ер адамның айтуынша, ол Қарасай батыр көшесінен теміржол вокзалына жаяу бара жатқан. Алайда гараждардың аумағына келгенде тұрғын есінен айырылған. 

"Біраз уақыттан соң зардап шегуші есін жиған. Осы сәтте белгісіз адамдар оның қалтасынан тексеріп жатыпты. Тұрғын "не істеп жатырсыздар?" деп сұрағанда олар оны ұра бастаған. Күдіктілер оның қалтасынан 30 мың теңге мен ұсақ заттарды алып кеткен. Оның арасында оттық, белдік пен көзілдірік те бар", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері 26 және 36 жастағы күдіктілерді ұстаған. Олар осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

"Заттай айғақтар мен ақша иесіне қайтарылды. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдіктілердің осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатқанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети