Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан екі қыз ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанда Family Village саяжай қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі өндіріп, сатумен айналысқан екі қызды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанда Family Village саяжай қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі өндіріп, сатумен айналысқан екі қызды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жалдамалы үйді тінту кезінде 1 218 синтетикалық "экстази" препараты, екі келі "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі және 140 литрден астам прекурсор және үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

"Ұсталғандар бір жылдан астам уақыт бойы синтетикалық есірткі дайындап, оны Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан. Таяуда ғана 1,2 келі мефедронды қала сыртында екі жерде жасырғаны белгілі болды. Олар қосымша тергеу әрекеті барысында тәркіленді. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы 3,84 келі", - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі Ресей Федерациясының тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, сондай-ақ, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети