Нұр-Сұлтан полициясы халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан полициясы халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұсталған адам 2017 жылдың желтоқсанында жарақаттармен қалалық ауруханаға түскен елорданың 31 жастағы тұрғынын өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр.
"Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде жасалғаны анықталды. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіге пышақ сұғып алған, кейін қашып кеткен. Осы уақыттан бері ол Ресейде және Қазақстанның шалғай аймақтарында заңсыз жасырынып жүрді.
Күдікті Нұр-Сұлтанға келе салып ұсталды. Оны ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өтті", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта бұрын сотталған 41 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!