Нұр-Сұлтанда интим қызмет көрсеткен боди-массаж салондары әшкере болды

Нұр-Сұлтанда интим қызмет көрсеткен боди-массаж салондары әшкере болды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда интим қызмет көрсеткен боди-массаж салондары әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда интим қызмет көрсеткен боди-массаж салондары әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері интим қызметін, сондай-ақ дене массажы қызметін көрсеткендерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Жұмыс барысында екі коттеджде массаж салондары анықталды, онда массаж бен интим қызметтер көрсетілді. 14 қыз бен бір салон әкімшісі ұсталып, полицияға жеткізілді", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Полицияның мәліметінше, ұсталғандардың барлығы Қазақстанның басқа өңірлерінен жұмысқа келгендер болып шықты. Барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салондардың заңсыз қызметі тоқтатылды деді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама