Нұр-Сұлтанда жұмысшы ақша салынған сейфті терезеден лақтырып жіберді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жұмысшы ақша салынған сейфті терезеден лақтырып жіберді

Нұр-Сұлтанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген 25 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген 25 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, жәбірленуші 25 жастағы жұмысшыны пәтеріндегі жөндеу жұмыстарын жасауға шақырған, біраз уақыт жұмыс істеген жігіт балкондағы сейфті байқап, оны ашпақ болған.

"Сейфте көп ақша болуы мүмкін, есігі ашылады деген үмітпен, оны 7-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Кейін өзі пәтерден асығыс шығып кеткен. Оқиға орнына келіп, сейфтің ашылмайтынына көзі жеткен соң қашып кеткен. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Сейфте 4 500 АҚШ долларына жуық ақша және құжаттар болғаны анықталды",-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұсталған азамат ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған", - деп қорытындылады ДП.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети