Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін сатып алуға "көмектескен" ер адам ұсталды

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол бірнеше адамға жүргізуші куәлігін "сатып алуға көмектесемін" деп уәде беріп, ақшасын алғаннан кейін жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

32 жастағы ер адамды Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол бес адамды алдап, ақшасын иемденді деген күдікке ілінді.

"Оның әлеуметтік желідегі парақшасында жүргізуші куәлігін алуға көмектесе алатыны туралы хабарлама жарияланған. Қызметі үшін 120 мың теңге сұрайды. Бес адам ақшасын беріп үлгерген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысты үзіп, жоғалып кеткен", - деді департамент өкілдері.

Реклама
Реклама

Ұсталғаннан кейін күдікті кінәсін мойындады.

Оған қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама