Нұр-Сұлтанда камералар арқылы ұрылар отырған көлік анықталды

viewings icon 457 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрларынан Видео кадрларынан

Елордалық полицейлер қарақшылық шабуыл жасағаны үшін үш жігітті ұстады. Олардың бірі пластиктен жасалған затты тапанша ретінде пайдаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полицейлер қарақшылық шабуыл жасағаны үшін үш жігітті ұстады. Олардың бірі пластиктен жасалған затты тапанша ретінде пайдаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 14 қыркүйекте, сағат 20:20-да қара бетперде киген белгісіз ер адам Қордай көшесіндегі көкөніс сататын дүкеннің сатушысына шабуыл жасағаны туралы хабар түскен. Пышақпен және тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ол 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция "Ұстау" жоспарын жариялады. Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысында полиция күдіктілер отырған көлікті ұстады.

"Күдікті қылмыс жасағаннан кейін Енесай көшесіне қарай беттеп, сол жерден белгісіз маркалы, қою қара түсті көлікке отырғаны анықталды. Полицейлер күдікті, жүргізуші және сыбайласы болған Hyundai Accent автокөлігін тапты.

Тінту кезінде полицейлер қара маска түріндегі бас киімді, ақшаны, дауыс бәсеңдететін тапаншаға ұқсайтын пластмасса затты тәркіледі.

Тергеу барысында 26 жастағы жігіттің азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасауды алдын-ала жоспарлағаны анықталды. Жеке жүргізуші ретінде ол өзінің 25 жастағы танысын жалдаған, үшінші 29 жастағы сыбайласы Республика - Сейфуллин даңғылдары маңында қылмыскерлерге қосылған", - делінген хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ұсталғандардың барлығы елордаға әр облыстан келген. Олардың біреуі бұрын ұрлық үшін сотталған. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
5°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro