29 шілде 2019 09:42

Нұр-Сұлтанда көлігінің дыбысы қатты шығатын 50 жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда полицейлер екі күннің ішінде қатты дыбыс шығаратын тікағысты бәсеңдеткіш орнатылған 50 автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда полицейлер екі күннің ішінде қатты дыбыс шығаратын тікағысты бәсеңдеткіш орнатылған 50 автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Екі күннің ішінде елордалық полиция департаментінің қызметкерлері ереже бұзған 50 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді алдағы уақытта олар ережені қайта бұзса, мемлекеттік тіркелген нөмірі қолданыстан шығарылады немесе автокөлік мамандандырылған коммунал тұраққа қойылады. 

Көбіне BMW, Subaru және ВАЗ маркалы көліктер тікағысты бәсеңдеткіш, яғни дыбыс деңгейін арттыратын құрылғы орнатып жүрген. Мұндай ережені бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 7-бөлімі бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл жазылады. 

Айта кетейік, елордалық полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп, техникалық ережелердің талаптары мен стандарттарына сай емес көліктердің жол ережесін бұзуын анықтап, оның алдын алды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети