Нұр-Сұлтанда қарақшының қызға шабуыл жасаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Қаскүнем жәбірленушіні жерге құлатып, телефонын тартып алуға тырысқан, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Нұр-Сұлтанда қарақшының қызға шабуыл жасаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Қаскүнем жәбірленушіні жерге құлатып, телефонын тартып алуға тырысқан, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Ведомство мәліметі бойынша, оқиға түнгі сағат 02.00-де тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Жұмыстан оралған қыз таксиден түсіп, үйінің кіреберісіне қарай бара жатқан. Сол сәтте қыздың ізіне ер адам ілескен. Ол қыздың қолынан ұстап, жерге құлап, iPhone X телефонын тартып алуға тырысқан.
Қыздың айғайлаған дауысын көршілері естіп, көмекке келген. Тәртіп сақшылары шабуыл жасаған ер адамды анықтап, ұстады.
"Ол 24 жастағы ер адам екені анықталды. Ұсталған тұрғын осындай қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дерекке қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомство өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!