Нұр-Сұлтанда наркодилерді ұстау сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда наркодилерді ұстау сәті видеоға түсірілді Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"27 қазанда Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция кезінде есірткі тасымалдаған Lada Granta көлігінің жүргізушісін ұстады. Тінту кезінде көлік ішінен наша салынған полиэтилен пакет табылды", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Бұдан басқа көлік жүргізушісінің орындығының астынан оқ-дәрісі бар тіркелмеген травматикалық тапанша және есірткі салынған 11 орам тәркіленген. 

Ұсталған 30 жастағы ер адам Жамбыл облысының тұрғыны және бұған дейін шабуыл жасағаны үшін сотталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети