Нұр-Сұлтанда оқу орнына ұрлыққа түскен ер адамның видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда оқу орнына ұрлыққа түскен ер адамның видеосы тарады Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері оқу орталығына ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері оқу орталығына ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, ол оқу орталығынан жалпы құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын техниканы - LG маркалы теледидарды, НР маркалы принтер мен микротолқынды пешті жымқырған. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалмас үшін бетін жауып тұратын баскиім киген. Ол ұрлаған заттарын таксиге тасыған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай айғақтар тәркіленіп, оқу орталығына қайтарылды. Сондай-ақ, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы тексерілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети