Зорлау ісі бойынша күдікке ілінген Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зорлау ісі бойынша күдікке ілінген Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"22:40-та Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздеу кешенді шаралары барысында 9 қазанда шамамен 12:22-де Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емедеу медициналық орталықтан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол тергеуде жүрген. Оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Полицияда қаладан шығатын аумақта іздестіру шараларын жүргізу барысында мәжбүрлі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Айта кетейік, осыған дейін 9 қазанда шамамен 12:22-де Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емедеу медициналық орталықтан қашып кеткен ер адамды ұстады. Медициналық орталыққа түскенге дейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша айып тағылған.
Полицейлердің айтуынша, күдікті медициналық орталыққа сараптамадан өту үшін жеткізілген.