Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер емханалар, сот ғимараттары, қонақүй мен сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 23 тамыз сағат 3:50-де "102" арнасына авиациялық қауіпсіздік инспекторы хабарласып, Әуежайдың электрон поштасына елордалық сот ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтқан.
"Сағат 9:11-де Park INN қонақүйінің, емханалардың, сондай-ақ Mega Silk Way СОО ғимараттарында бомба жасыру дерегі туралы хабарламалар келіп түсті", - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары тексеру жүргізген. Жарылғыш зат табылған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!