Нұр-Сұлтанда тағы бір заңсыз майнинг фермасы әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тағы бір заңсыз майнинг фермасы әшкереленді Видео кадры

Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп Нұр-Сұлтандағы өнеркәсіп аумағында заңсыз майнингпен айналысқан ферманы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында үш жүк контейнері анықталған, олардан төрт түрлі майнинг техникасының 1 170 данасы табылды.

"Ақшалай есептегенде өндірілген криптовалютаның алдын ала сомасы шамамен 2,5 миллион доллар (шамамен 1,2 миллиард теңге)", - делінген хабарламада.

Ведомстволар Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі "Заңсыз кәсіпкерлік" бойынша соталды тергеуді бастаған.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті қызметкерлерімен бірлесіп бес күн ішінде 13 майнинг фермасын анықтағаны хабарланған болатын.

Нұр-Сұлтанда заңсыз майнинг фермасы анықталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети