Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі ұйықтап жатқан жолаушының алтын сағатын шешіп алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі ұйықтап жатқан жолаушының алтын сағатын шешіп алған Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі салонда ұйықтап қалған жолаушының алтын сағатын шешіп алған. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі салонда ұйықтап қалған жолаушының алтын сағатын шешіп алған. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны қонақтан мас күйде үйіне қайтқанда құны 550 мың теңге тұратын "Яшма" маркалы алтын сағатын жоғалтып алғанын айтып, полицияға арыз түсірген.

"Түнде ер адам Toyota Camry көлігін тоқтатып, такси жүргізушісімен баратын жерін келіскен. Ол артқы жолаушы орындығына отырып, жолда ұйықтап қалған. Белгіленген орынға жеткенде жүргізуші ер адамды оята бастаған.

Сол кезде ол жолаушының білегіндегі алтын сағатты көріп, шешіп, қалтасына салып алған", - деді полиция баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адамды оятқан жүргізуші оны көліктен түсіріп, кетіп қалған. Үйіне келіп, сағаты жоғалғанын білген жәбірленуші полицияға хабарласқан.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 40 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады, заттай айғақтар алынды, оның бұрын елордада тіркелген осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді", - деп қорытындылады ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети