Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген притон әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген притон әшкере болды © elements.envato.com

Полицейлер Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендердің бірінде жұмыс істеген притонды анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендердің бірінде жұмыс істеген притонды анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, елорда аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған "STOP трафик" жедел алдын алу шарасы өтті. Полицейлер интим қызмет көрсететін төрт жеңгетай мен 36 қызды ұстаған.

"Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастырумен және онда жезөкшелерді ұстаумен айналысқан елорданың 23 жастағы тұрғыны ұсталды. "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде ұсталған әйел 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін клиенттеріне интим қызмет көрсететін қыздарды апарып тұрған. Притон ұйымдастырған әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша алты әкімшілік хаттама ("Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін көрінеу Үй-жайлар беру") және 449-бабы бойынша сегіз әкімшілік хаттама ("Қоғамдық орындарда тиісу") толтырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети