Нұр-Сұлтанда түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандар ұсталды Фото: РИА Новости

Елордадағы түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Дереккөз мәліметінше, қауіпсіздігі барынша төмен мекеме қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ЕЦ-166/10 мекемесіндегі сотталғандарға 6 литр ішімдік әкелмек болған күдіктілерді ұстады. 

Тексеріс барысында олардан ішімдікпен қатар 55 граммнан аса гашиш есірткісі анықталды. Бұл заттар күдіктілерден тәркіленді.

С. және К. есімді ер адамдардың айтуынша, бұл "сәлемдеме" мекемедегі сотталғандарға арналған.

Алайда елордалық департамент офицерлерінің қырағылығының арқасында ЕЦ-166/10 мекемесінің аумағына пайдалануға тыйым салынған заттардың жіберілуіне жол берілмеген. 

"Қазіргі таңда мекеме аумағына ішімдік пен есірткіні жіберуге тырысқан күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардан бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - дейді мекеме басшысының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Ағыбай Мухин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети