Елордалық криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасаған үш жігітті ұстады, - деп хабарлайды Елорда Инфо порталы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Елордалық криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасаған үш жігітті ұстады, - деп хабарлайды Елорда Инфо порталы полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Тамыздың соңғы онкүндігінде полицияға Шұбар шағын ауданының аумағында ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қала аумағы бойынша қылмыс ең аз жасалатын ауданда қаскөйлер қысқа уақыт ішінде үш ұрлық жасап үлгерген. Қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері оқиға орнында болған автокөлікті анықтап ұстады", - делінген департамент хабарламасында.
Ұрлықты бала кезінен жақын дос болған, қала маңындағы ауылда тұратын жиырма жастағы үш жігіттің жасағаны анықталды.
Екі жігіт бұрын ұрлық пен тонау жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Күдіктілер терезенің шынысын сындыру арқылы автокөлік салонынан 2 рет ұрлық жасаған және терезені майыстыру арқылы кеңседен ұрлық жасаған.
Қазіргі уақытта үш дос ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылған, ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұсталған адамдар бірнеше рет осыған ұқсас құқық бұзушылық жасады деп болжануда, сондықтан осы адамдардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінулерін немесе 8 (7172) 71-60-69, 71-60-28, "102" қысқа нөміріне хабарласуларын сұрайды.