Нұр-Сұлтанда үш жасөспірімнің ұрлығы үшін "ұстау" жоспары құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үш жасөспірімнің ұрлығы үшін "ұстау" жоспары құрылды Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда 17 жастағы жасөспірімдер ер адамды тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 17 жастағы жасөспірімдер ер адамды тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат бірде полицияға 29 жастағы ер адам хабарласып, Герцен көшесіндегі үйінің маңында оны үш жігіт тонап кеткенін айтқан.

"Зардап шеккен ер адамның айтуынша, кафеден шыққаннан кейін біреу басынан соққы жасаған. Артына бұрылғанда үш жігітті көрген. Олар оны қорқытып, Samsung A3 маркалы ұялы телефонын тартып алған. Қаланың полиция бөлімшелері шұғыл кірісіп, "Ұстау" жоспары жарияланды", - деді полициядағылар.

Полицияның патруль көлігі ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады. Олар - 17 жастағы кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Полицияға келген соң олар түсініктеме берген. Кафеде досының туған күнін атап өткен. Туған күні болған досына қымбат сыйлық жасағысы келіп, ер адамды тонаған екен.

"Телефон иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша ҚК 191-бабына ("Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған балалардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети