Нұр-Сұлтанда үй ауласындағы көлікті айдап кеткендер видеоға түсіп қалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үй ауласындағы көлікті айдап кеткендер видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда үй ауласындағы көлікті айдап кеткендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үй ауласындағы көлікті айдап кеткендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғыны полицияға хабарласып, Гете көшесіндегі үй ауласынан белгісіз біреулер "Мазда" маркалы автокөлігін айдап әкеткенін айтқан. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы камераларды қарау кезінде бұл көлікті Бөгенбай батыр - Желтоқсан көшелерінің қиылысынан байқаған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні ізін суытпай ұстаған.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша соталды тергеу басталған. Ұсталған азамат кінәсін мойындаған. Оның қала аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети