17 наурыз 2021 | 11:24

Нұр-Сұлтанда зейнеткерге пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда 84 жастағы зейнеткерге қарақшы шабуыл жасап, одан ақшасын тартып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 84 жастағы зейнеткерге қарақшы шабуыл жасап, одан ақшасын тартып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 84 жастағы ер адам дәрі сатып алу үшін депозиттен 300 мың теңге алған.

Банктен шыққаннан кейін зейнеткер бұрын күзетші болып істеген орнына барған. Артынан ер адам қоса келген. Қарақшы үстел үстінде жатқан пышақты алып, зейнеткерді жерге құлатып, қорқытып ақшасын алып кеткен.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол 42 жастағы бұрын сотталған астаналық болып шықты.

"Күдікті ер адам банкте қолма-қол ақша алып жатқан зейнеткерді байқап, оның соңынан ергені анықталды. Қазіргі уақытта ол кінәсін мойындады. Анықталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Оның Нұр-Сұлтан аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", - деп хабарлайды ПД өкілдері.

Сондай-ақ, полиция қазақстандықтардан сақ болуды сұрады.

"Көбіне қарақшылар қарсылык көрсете алмайтын әлсіз топтағы адамдарды таңдайды. Жақындарыңызды, әсіресе балалар мен егде жастағы аамдарды күтіп алып, шығарып салыңыздар", - дейді тәртіп сақшылары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети