Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Күдіктілер бірнеше ай бойы астаналық кәсіпкерден ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Күдіктілер бірнеше ай бойы астаналық кәсіпкерден ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, кәсіпкер арызбен жүгінген. Одан бірнеше ай бойы қорқытып, күш көрсетіп, ірі көлемде ақша бопсалаған.

"Полиция ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 40 және 47 жастағы күдіктілер 300 мың теңге көлемінде ақша алғаннан кейін, ұсталды. Сондай-ақ, Орал қаласында топтың үшінші мүшесі, Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер мәліметінше, жәбірленуші былтыр қыркүйекте күдіктілердің бірімен кездескені анықталды. Ер адам кәсіпкерге қарызды қайтару мәселесін шешуге уәде берген. Сол уақыттан бері күдіктілер күш қолданып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған.

"Кәсіпкер жеке шотынан бір миллион теңгеге жуық қаражатты толық шешіп берген. Сонымен қатар, күдіктілер қорқытып, оны екі рет ірі көлемде несие алуға мәжбүрлеген. Бүкіл ақшаны бопсалаушылар иемденген. Олар жәбірленушіден жалпы сомасы үш миллион теңгеге жуық ақша алған", - деп қосты полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro