10 ақпан 2023 14:35

Нұрлан Мәсімовке екі әкімшілік іс бойынша айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Мәсімов. Видео кадры Нұрлан Мәсімов. Видео кадры

Павлодардағы сот Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі әкімшілік іс бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодардағы сот Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі әкімшілік іс бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін екі іс қаралды.

Сот Полиция департаменті бюджет қаражатын жоспарлау кезінде қызметтік жануарларға жем сатып алу кезінде заттай нормаларды асыра бағалаудан көрінетін заңнаманы бұзғанын анықтады", - делінген хабарламада.

Сот мәліметінше, 2021 жылы қызметтік мал азығын сатып алуға 60 872 100 теңге сомасында қаражат бөлінген. Алайда нормаларды бұзып, Полиция департаменті 10 693 000 теңге сомасына 18 бас жылқыға жем беру нормасынан тыс жоспарлаған.

"2022 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 13 394 000 теңге сомасында қаражат бөлінді. Нормаларды бұза отырып, полиция департаменті 8 503 400 теңге сомасына 18 бас жылқыға арналған жем нормасынан тыс жоспарлаған. Тиімсіз жоспарлау бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкелді.

Полиция департаментінің бұрынғы бастығының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, аудиторлық есептермен, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтармен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденеді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Нұрлан Мәсімовке әр іс бойынша 214 410 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, сот әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау кезінде іс жүргізу нормаларын бұзғаны үшін "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ атына жеке қаулы шығарды.

Еске салайық, 2022 жылғы қаңтарда Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылды. Ол Департаментті 2019 жылғы қараша айынан бастап басқарды.

Былтырғы сәуірде Нұрлан Мәсімовтің іздеуде екені белгілі болды. Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады.

Шілдеде ол Ресей шекарасында жалған құжаттармен ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети