11 тамыз 2020 10:54

"Нұрлы жол" кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Қытаймен шекарадағы "Нұрлы жол" кеден бекетінде мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау органдарының қызметкерлері ұсталғаны хабарланды. Бәрі мемлекеттік шекарадан кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

"Қажет тергеу шаралары жүріп жатыр, Бас көлік прокуратурасы істі тергеу барысын бақылауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети