ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2021 | 12:10
Нью-Йорк соты Әблязов пен Храпуновқа санкция салды
Нью-Йорктің оңтүстік аудандық соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың қарсылығын қанағаттандырмады. Оларға "БТА Банк" АҚ пен Алматы әкімдігінің талап арызы бойынша басталған сот талқылауы кезінде теріс қылық жасағаны үшін санкция салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нью-Йорктің оңтүстік аудандық соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың қарсылығын қанағаттандырмады. Оларға "БТА Банк" АҚ пен Алматы әкімдігінің талап арызы бойынша басталған сот талқылауы кезінде теріс қылық жасағаны үшін санкция салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Әділет министрлігі мәліметінше, судья Элисон Дж. Натанның шешімі АҚШ судьясы Кэтрин Х. Паркер әртүрлі шешім шығарғанын растады, ол кезде де Әблязов пен Храпуновқа санкция салған.
Бұл шешімде Әблязов, Виктор және Ілияс Храпунов соттың алдыңғы шешімдеріне, сондай-ақ АҚШ-та ондаған миллион долларды заңдастыру бойынша Әблязовқа, Храпуновтар мен Triadou SPV SA жасанды компаниясына қарсы бірлескен талапкерлерге "маңызды" дәлелдемелерді табуға кедергі келтіргені көрсетілген.
Сот айыпталушылар айғақтарды жасырғанын, әдейі жойғанын анықтаған. Сондай-ақ, олар жалған куәлік беріп, сот бұйрығын бұзған.
Шешімде көрсетілген нақты құқық бұзу деректері ішінде сот мыналарды анықтады:
- Әблязов дәлелдемелер ұсынуды талап еткен "сот қаулысын орындамады";
- Әблязов мұндай дәлелдері жоқ екенін мәлімдеді, бірақ бұл мәлімдеме ол ант берген "айғақтарына қайшы келді";
- Храпуновтар "ешқандай қаржылық есеп бермеді", "барлығы ақтаусыз";
- Ілияс Храпунов үшінші тараптарға электрон хат жібергенін мойындаудан бас тартты және "ондаған немесе жүздеген миллион долларға қатысты қаржылық операциялар туралы айтудан бас тартты";
- Әблязов байлығы 20 миллиард доллардан асатынын растаса да, ол ақшаны алуға және басқаруға көмектескен адамдардың атын айта алмайтынын жеткізді.
Осы және осыған ұқсас теріс қылық анықтамаларына сүйене отырып, сот талап қоюшылар пайдасына шешім шығарды және Әблязов 140,115,16 доллар айыппұл төлеуі тиіс деп шешті.
Сот Ілияс Храпуновқа қатысты талап қоюшыдан шығындар туралы қосымша дәлелдемелер алғаннан кейін, оған салынатын санкция мөлшерін анықтайды.
Сондай-ақ, сот "оның қаулысына қатысты кез келген шағым" ұйғарымды ерікті түрде орындаудан бас тарту ретінде қабылданады деп таныды.
Америка Құрама Штаттарындағы сот процесі кезінде талапкерлер Әблязовтың қылмыстары туралы қосымша айғақтар жинаған, сондай-ақ көптеген куәгер куәлік берген болатын. Сот 2022 жылдың ақпанында Нью-Йоркте басталады.
Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен шамамен 7 миллиард долларды жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Әблязовты Ресей мен Украина мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен іздестіріп жатыр. Қазанда қашқын банкирдің Францияда сот бақылауында екені белгілі болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также