27 қараша 2018 | 12:07

Тәтішевтің өлімі: Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мұхтар Әблязов. © Tengrinews.kz Мұхтар Әблязов. © Tengrinews.kz

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деп айыпталған Мұхтар Әблязовке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деп айыпталған Мұхтар Әблязовке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді судья Кенжеғали Кенжебеков оқыды.

"Сот Мұхтар Қабылұлы Әблязовті ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылдың 7 маусымында ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4 және 6-бөлігіне сәйкес шығарған үкімі бойынша Мұхтар Әблязов үш жылға банк ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтесін, - деді судья Кенжебеков.

Әблязовтің жазасын өтеу мерзімі оны қамауға алған сәттен бастап саналады. Сот үкіміне 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс Таразда қаралған болатын. Барлық сот отырысы Мұхтар Әблязовтің қатысуынсыз өткен еді. Сот 12 қазанда басталды. Осы уақытқа дейін шамамен 60 куәгерден жауап алынды. Сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди де жеткізілген болатын.

ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев Әблязовтан түскен ақшасы бар карта туралы айтып берді

Айыптаушы тарап Мұхтар Әблязовті айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталған болатын. Бизнесмен Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұхтар Әблязовтан екі миллион доллар алғанын мойындаған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer