22 қараша 2018 11:29

Тәтішевтің өлімі: Мемлекеттік айыптаушы Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік айыптаушы бизнесмен Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен Мұхтар Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан процесте белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

"Айыптаушы Мұхтар Әблязовті ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды", - деп оқыды прокурор.

© Tengrinews.kz

Банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастыру дерегі бойынша іс Таразда қаралып жатыр. Айыпталушы - Мұхтар Әблязов. Сот тыңдауы оның қатысуынсыз өтіп жатыр. Сотта куәгерлерден жауап алынып жатыр, іс бойынша жалпы 60-қа жуық куәгер бар.

Еске салайық, Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін биылғы наурызда 10,5 жылға сотталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Мұхтар Әблязов 2004 жылы бостандыққа шыққаннан кейін Тоқмәдиді 4 миллион долларға жалдап, БТА банкі басқарма төрағасы Тәтішевті өлтіруді тапсырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети