25 қазан 2018 10:50

Әблязов ісі: ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев Тараздағы сотқа жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязовқа қатысты Таразда өтіп жатқан сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мұхтар Әблязовқа қатысты Таразда өтіп жатқан сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін жалпы үш куәгерден көрсетпе алынады.

Таяуда куәгер Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішев арасындағы жаугершілік жайлы айтып берген еді. Айта кетейік, сот сотталушысыз өтіп жатыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, Мұхтар Әблязов 2004 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан шыққанан кейін төрт миллион долларға Тоқмәдиді жалдап, "Банк ТуранӘлем" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті осы банкке иелік ету үшін өлтіруге тапсырыс берген деп айыпталып жатыр. 

Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети