"Одан да отырып шыққан жақсы". Балқаш тұрғыны мәжбүрлі жұмыстан бас тартты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Одан да отырып шыққан жақсы". Балқаш тұрғыны мәжбүрлі жұмыстан бас тартты Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі

Балқаш тұрғынына тағайындалған жаза бас бостандығынан айыру түріндеге жазаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш тұрғынына тағайындалған жаза бас бостандығынан айыру түріндеге жазаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сот тонау дерегіне қатысы болған 27 жастағы ер адамға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу және жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады.

Балқаш қаласының пробация қызметінің қызметкерлері ер адамды көше тазалаумен айналысатын кәсіпорынға жұмысқа орналастырды. 4 сағат жұмыс істегеннен кейін ол жұмысқа шықпаған.

"Бізге кәсіпорыннан қоңырау шалып, оның 4 сағат жұмыс істеп, содан кейін жұмысқа шықпағанын айтты. Оны ПИК-ке жұмысқа орналастырдық. Бірақ ол жерде де жұмыс істегісі келмеді. Жұмыс істегеннен гөрі, отырып шыққаны жақсы екенін айтты. Кейін сотқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыныс бердік. Нәтижесінде ол қалған мерзімін бас бостандығынан айыру орындарында өтейді. Бұл шара сот үкімінің талаптарын қасақана орындамайтындарға қатысты қолданылады", - деді Мадияр Әшірбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети