10 желтоқсан 2021 09:09

Өгей қызын зорлады деп 17 жылға сотталған ер адамды туыстары қорғап алғысы келеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл күзде сот 14 жастағы өгей қызына зорлық жасағаны үшін қарағандылықты кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адамның туыстары оған жала жабылды деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасай отырып.


Биыл күзде сот 14 жастағы өгей қызына зорлық жасағаны үшін қарағандылықты кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адамның туыстары оған жала жабылды деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасай отырып.

Сотталған Андрейдің туысы Ирина Воронина тергеуде оның зорлық көрсеткенінн ешқандай дәлел жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, сараптамалар да зорлық-зомбылық іздерін көрсетпеген.

"Ол 121-бап бойынша заңсыз сотталды. Оның кінәсіздігін дәлелдейтін нәрселер бар. Бәрі сараптамаға алынды. Қыздардың, оның өгей қыздарының заттары алынды. Сараптамаларда ештеңе жоқ. Мүлдем ештеңе табылған жоқ", - дейді туысы Ирина Воронина.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ және Андрейдің отбасы апелляция арқылы оның күшін жоюға ниет білдіріп отыр. Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл іске әлі түсінік берген жоқ.

"Бұл жабық процесс - кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс. Ол әлі де қаралып жатыр. Нәтижелерді апелляцияда қаралғаннан кейін хабарлаймыз", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оның туыстары тергеу дұрыс дәлелдер жинамағанын айтты. Іс материалдары бойынша, сол қайғылы күні ер адам жанжалдасып, әйелінің телефонын балконнан лақтырып жіберген, ал әйел оны іздеп жүргенде, ер адам өгей қызын қорлауы мүмкін. Туыстары ер адамның бұрынғы сүйіктісін өзінің тұрғын үй мәселесін осылай шешкісі келеді деп айыптады.

"Менің ойымша, бұл пәтерді иемденгісі келеді. Өгей қыз анасымен келісіп алған. 10 минут ішінде ол ештеңе істей алмады, өйткені әйел қай сәтте қайтып келетінін білмеді, ол бірден жоғарыға көтерілді", - дейді сотталушының туысы Ирина Воронина.

Қыздың анасы баласына сенетінін айтты. Сонымен қатар, психологиялық сараптама жасөспірімнің сөздерінің дұрыстығын растады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети