06 сәуір 2023 16:50

"ӨКМ операторы" ісі бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алу сұралды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/recycle.kz Фото:instagram.com/recycle.kz

Астанада 6 сәуірде "ӨКМ операторы" қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Айыпталушының адвокаттары бұл іс бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада 6 сәуірде "ӨКМ операторы" қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Айыпталушының адвокаттары бұл іс бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр.

Айыпталушы орнында бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "ӨКМ операторы" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және "ӨКМ операторы" компаниясының бұрынғы бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко отыр.

Іс бойынша айыпталушылар "ӨКМ операторы" ЖШС-де миллиардтаған доллар жымқырды деп айыпталған.

Алдын ала тыңдау барысында Коротенконың адвокаты қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрады.

"Менің клиентіме 2016 жылдың 18 мамыры мен 2019 жылдың 18 қарашасы аралығында "ӨКМ операторының" бас директоры болған кезде қылмыстық жоспар ұйымдастырып, Экология министрлігі мен "ӨКМ операторының" қызметкерлерін қатыстырып, олардың арасында қылмыстық рөлдерді бөліп, олармен қылмыстық келісімге келіп, қаражатты жымқырған деген айып тағылып отыр. (...) "ӨКМ операторы" ЖШС 2015 жылғы 23 қарашада жалғыз қатысушы – құрылтайшысы болған Әлия Назарбаеваның шешімімен құрылды.

Қорғаушы тарап айыптау органы 2016-2019 жылдар аралығында ӨКМ құжаттамасын, құрылтайшылардың, атап айтқанда Назарбаеваның шешімін қасақана талап етпеді деп санайды, өйткені бұл инфрақұрылымдық кәсіпорын құруға бастамашы болған коммерциялық кәсіпорындар иесінің жеке басын жасыруға тырысуға байланысты. Дәл іс материалдарында маңызды құжаттардың болмауы менің қорғауымдағы адамның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етті", - деді адвокат.

Адвокаттың өтініші бойынша, 17 қазандағы алдын ала тыңдау кезінде Коротенко "ақшалай қаражатты жұмсау туралы шешім қабылдаған серіктестіктің құрылтайшысы Назарбаеваны" қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында "қосымша тергеу үшін қылмыстық істі қайтару туралы" өтініш білдірді.

"Назарбаеваға іс бойынша қамауға алынған зауыт тиесілі. Ол заңсыз ақшаға салынғандықтан тәркіленуі мүмкін. Ол (Назарбаева - еск.) біздің іс бойынша ешқандай жағдайда, ешқандай мәртебеде қаралып жатқан жоқ. Біз одан бірнеше рет жауап алуды сұрадық. (...) Оның мүлкі қамауға алынса да", - деп қосты адвокат.

Еске салайық, 2022 жылдың 1 сәуірінде 13 миллиард теңгеден аса қаржы жымқырды деген күдікпен "ӨКМ операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директоры ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети